«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 13-16 мамыр аралығында Екібастұз қаласының магистральді жылу желілерінде гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 9 ақау анықталып, жедел ретке келтіріліпті. Ал 23-26 мамыр аралығында жылу желілерінің тығыздығы мен төзімділігі есепке алынған. Сол уақытта 110 ақау тіркеліп, жартысынан көбі жөнделіпті. 23 жағдайда учаскелік құбыр жүйелерін ауыстыру қажет етілуде.
«Павлодарэнерго» АҚ жыл сайын жылу желілерін жаңғырту жұмыстарын жүргізіп келеді. Гидравликалық сынақ жұмыстары кезінде ақаулардың аз тіркелуі содан, - дейді кәсіпорынның баспасөз қызметі. Мәселен, 2017-2018 жылдары жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жүргізілген сынақ кезінде 187 ақау анықталса, 2018-2019 жылы жылыту маусымына дейін көрсеткіш 119-ға азайыпты.