2019 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша Екібастұз қаласында тұратындар:
- Ұлы Отан соғысының ардагері - 6 адам;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, атап айтқанда: - Ленинград қаласы қор-шауда қалған кезде кәсіп-орындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істеген, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар -1 адам;
- Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары - 2 адам;
- басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс-қимылдарға қатысушылар мен мүгедектер - 161 адам;
- 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зар-даптарын жоюға қатысқан, Чернобыль АЭС-дағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдар- 51адам;
- жарақат салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және құрамының адамдары - 1 адам;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары, атап айтқанда:
- Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары - 2 адам;
- қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері, сондай-ақ, қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдері - 34 адам;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар - 39 адам;
- 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған - 1084 адам;
Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңындағы әлеуметтік төлемдер:
Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы №220/26 «Екібастұз қаласындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне, Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі №112/4 «Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерін Павлодар облысының қалалары мен аудандарының жергілікті уәкілетті органдарымен келісу туралы» қаулысына сәйкес, ағымдағы жылы Жеңіс күніне орай 1394 азаматқа жалпы сомасы 29,5 млн.теңге сомасына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделген, оның ішінде:
- Ұлы Отан соғысының 6 қатысушысына 500,0 мың теңге мөлшерінде; әрбіріне 12,6 мың теңге сомасына сыйлық жиынтықтары;
- жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 220 тұлғаға 10 АЕК немесе 25,2 мың теңге мөлшерінде;
- жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың 85 басқа санаттарына 10 АЕК немесе 25,2 мың теңге мөлшерінде;
- 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған - 1084 тұлғаға 5 АЕК немесе 12,6 мың теңге мөлшерінде.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 8 мамырында қала мектептерінде Екібастұз қаласындағы тыл майдангерлеріне арналған «Көгілдір алау» шарасы жоспарланды. Осы іс-шараларды мектеп оқушылары мен қызметкерлері Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттарының қолдауымен Жеңістің 74 жылдығын мерекелеу құрметіне ұйымдастырды.