• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Әлеумет

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

01.05.2019

Мектептер әзірге көшпейді


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Екібастұз қаласындағы шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі - мектеп ғимараттарының тапшылығы -«Отарқа» газетінің соңғы 2 жыл бойы көтеріп жүрген тақырыбы. Бүгінде №25 қыздар гимназиясы №24 орыс мектебінің ғимаратында отырса, 250 балаға лайықталған №35 гимназиядағы оқушы саны 600-ға жетті. Бұл гимназияның бастауыш сыныптары 2012 жылдан бері №13 мектептің ғимаратында білім алып жатыр. №25 қазақ қыздар гимназиясы мен №35 гимназияның ата-аналары жаңадан ғимарат салуды сұрап, құзырлы орындарға бірнеше мәрте хат жолдағанымен, былтыр облыс әкімі Болат Бақауов жаңа мектеп салынбайтынын айтып, нүктесін қойды. Оған себеп - қалада 7 бірдей мектептің ғимараты жартылай бос тұр екен. Қаладағы барлық оқушы саны -19607. Керісінше, мектептерде профицит пайда болған, яғни, 8000 оқушының орны бос тұр. Бір ауданда орналасқан жартылай бос ғимараттағы мектептерді қосып, босаған мекемелердің біріне №25 және №35 мектептерді кіргізуге мүмкіндік бар. Асығыс шешім қабылдамас үшін құрамына жергілікті депутаттар, қаланың құрметті азаматтары, білім саласының ардагерлері, мектеп директорлары енген жұмыс тобы құрылды. Нәтижесінде бұл топ жергілікті билікке 1500 орындық ғимаратта 700 баламен отырған №23 мектепке -№35 гимназияны, одан босаған ғимаратқа №25 қазақ қыздар гимназиясын көшіру туралы ұсынысын жеткізді. 

Айта кетерлігі, №№13, 23, 24,25, 35 мектептер білім саласын бақылау департаментінің нұсқауына сәйкес, орта білім беру ұйымдарына арналған заңнамалық актілердің талаптарын орындамай отыр. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бекітілген бұйрығына, санитарлық ережеге сәйкес білім беру нысандары жеке ғимаратта орналасуы тиіс. 

Ал №25 және №35 мектептердің ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығына сәйкес, білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарды сақтамай отырғаны анықталды. 

Арнайы жұмыс тобымен қатар жергілікті билік өкілдері де жоғарыда аталған мектептердің педагогтар ұжымымен, ата-аналармен кездесіп, олардың ой-пікірлерін білді. Ата-аналардың көпшілігі балаларын өздері үйренген ғимаратта қалдыруды сұрады. 

Осы жайтты жан-жақты сараптап, ата-аналар мен мұғалімдер қауымының ұсынысын ескерген қала әкімдігі биылша мектептерді өз ғимараттарында қалдыратын болды. 

Екібастұз қаласында жылу-энергетика саласы мамандарын даярлайтын өңіраралық орталықтың құрылысы алдағы жылдың қараша айында аяқталмақ. Қала әкімдігі облыстық білім басқармасына жаңа кешенге техникалық колледждерді көшіру туралы ұсыныспен шыққанды. Егер бұл бастама қолдау тапса, басыбайлы ғимараттары жоқ №25 және №35 гимназияларды техникалық колледждерден босаған ғимараттарға көшіруге мүмкіндік туады.

Автор Ерғазина Д,
Издание Отарқа
Стр. 2

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.