• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Әлеумет

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

04.04.2019

Биылғы жазға жоспар көп


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

  Қалалық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында бірқатар өзекті мәселе қаралды. 2018 жылы қалалық жергілікті полиция қызметінің қылмыстық және әкімшілік құқық бузушылықтардың алдын алу жумыстарының қорытындысы, Екібастұз қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өңірде мал шаруашылығын дамыту, 2019 жылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және құрылыс бөлімінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жоспарлары мен міндеттері талқыға салынды. 

Қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімшесі бастығының орын-басары Сәбит Қожылдақовтың айтуынша, кеншілер қаласындағы қылмыстық ахуал қатаң бақылауда. Өткен жылы жергілікті полицияның қаламыздағы криминогендік ахуалды тұрақтандыру мақсатында жүргізген алдын алу шараларының нәтижесінде қылмыс саны азайған. Мәселен, 2018 жылы - 1794 қылмыс, 2017 жылы 1943 қылмыс тіркелген. Атап айтқанда, қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыс, бұрын сотталғандар, жасөспірімдер қылмысы, топпен және мас күйде жасалатын қылмыстар, отбасылық-тұрмыстық қатынастарға байланысты қылмыстар көр-сеткіштері төмендеген. Атап айтқанда, қоғамдық орындар мен көшелердегі қарақшылық, тонау, көлік ұрлау, бұзақылық азайған. Алайда, кісі өлтіру қылмыстарының 11,1 пайызға өскені байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда ауыр дене жарақаттарын салу, қарақшылық, өзгенің мүлкін ұрлау фактілерін ашу көрсеткіштері артқан. Сондай-ақ, бопсалау, нашақорлық, адам зорлауға қатысты қылмыстар толық ашылған. 

2018 жылы қаламызда орнатылған 45 бейнекамера қоғамдық тәртіпті сақтап, құқық бұзушылықпен күрес, полицияның қылмыстарға және тұрғындардың хабарламаларына шұғыл әрекет етуіне оң ықпалын тигізуде. Бүгінгі күні камералардың көмегімен 60 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып отыр. Қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің осы бағыттағы жұмыстарын күшейтіп, қала тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз етуіне барынша күш салмақ. 

Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Мұхаметжанова биылғы Жастар жылына жоспарланған шаралармен таныстырды. Өткен жылы мем-лекеттік жастар саясатын іске асыруға 6,5 млн. теңге қаржы бөлінсе, биыл осы мақсатқа 11 млн. теңге жұмсалмақ. Ағымдағы жылы «Жастар Camp» -лагерін ұйымдастыру, Жастар күнін өткізу, моноқалалардың белсенді жастарының форумы және т.б. 150-ден астам іс-шараны өткізуді жоспарлаған бөлім қазіргі таңда қызу дайындық үстінде.

Депутат Серік Сәдуақасов төрағалық еткен қалалық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қанат Мүскеновтің баяндамасына қанағаттанбаған депутаттар бөлімнің бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарлары мен міндеттері туралы есебін толықтыруды ұсынды. 

Комиссия отырысында сөз алған құрылыс бөлімінің басшысы Асланбек Садықовтың сөзіне сүйенсек, биыл 22-шағын ауданда төрт подъезді тоғыз қабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын екі арендалық баспананың құрылысы басталмақ. Ағым-дағы жылға жоспарланған №23 шағынаудан және ипподром аумағында инженерлік-коммуникациялық желілер тарту шеңберінде жылумен қамтамасыз ету жұмыстары да республикалық бюджеттен есебінен іске асырылады. 

Қалалық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қарастырылған соңғы мәселе өңірдегі ауыл шаруашылығын - дамыту болды. Бүгінде саланы дамытуға арналған «Іскер», «Игілік», «Сыбаға» бағдарламаларын жүзеге асыруда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық кредиттік корпорациясы», «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамдарының үлесі зор. Өткен жылы мал шаруашылығын жақсартуға жалпы сомасы 237,2 млн. теңге несие берілген. Бұл қаржы ірі қара мал, қой-ешкі, жылқы, импорттық аналық мал алуға жұмсалыпты. Биыл да мал шаруашылығын дамыту мақсатында көптеген жобалар қолға алынбақ. Ақкөл ауылдық округі «Табыс» шаруа қожалығы тәулігіне 500 литр қымыз өндіретін цех пен 1000 бас малға арналған бордақылау алаңының құрылысын жүргізбекші. Шиқылдақ ауылындағы «Жаңауыл ШҚ» ЖШС, «Жарсор» ЖШС-де 1000 басқа арналған бордақылау алаңын салуды жоспарлап отыр екен. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Назгүл Әбелденованың есебінен байқағанымыздай, мемлекеттік қолдаудың арқасында өңірімізде ауыл шаруашылығының даму қарқыны жақсара түспек.

Автор Оразалинова Т.
Издание Отарқа
Стр. 2

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.