• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Агроөнеркәсiптiк кешен

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

05.08.2021

Ата жолы - балаға үлгі


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Ғұмырының саналы кезеңін адал еңбекпен өткеріп, бойындагы бар жақсы қасиетін кейінгіге дарыта білген, елінің көркейіп, өркендеуіне зор үлес қосқан азаматтың бірі - Сагындық Байгожаұлы. 1925 жылы мамырдың 16-да Ақтогай ауданының Ивановка, қазіргі Жалаулы ауылында дүниеге келіп, 1943 жылы 18 жасында Ұлы Отан согысына аттанады. Согыс біткеннен кейін әскер қатарында болып, 1950 жылы өзінің туган ауылына оралып, бейбіт еңбекке араласады. Павлодар қаласындагы бухгалтерлік есеп мектебін тәмамдап, 1961 жылга дейін «Новотроицк» кеңшарында бухгалтер қызметін атқарады.

Аудан басшылары 1961 жылы тәжірибесі мол, білікті маман ретінде Сәкеңді жаңа ұйымдасқан «Өлеңті» тың кеңшарына бас бухгалтер етіп тағайындайды. Сол шауашылықтың алғашқы директоры болып тағайындалған Сарытай Қабылов, бөлімше басқарушысы Айдархан Әбілденов сынды тәжірибелі азаматтармен қоян-қолтық жұмыс істеп, «Өлеңті» кеңшарын қысқа мерзім ішінде егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған көпсалалы іргелі шаруашылықтар қатарына қосуға өз үлестерін қосты. 4 бөлімшеден тұратын шаруашылық егіннен мол өнім алып, ірі қара мал, қой шаруашылығын дамытуда да ауданда алғы шепте болды. Сол кезде бас маман болып қызмет істеген Қабылтай Әбдірахманов, Әлібек Сыздықов, бөлімше меңгерушісі Нұралы Асқапов сынды жас мамандар шаруашылықта өндірістік тәжірибе жинақтап, кейіннен Қабылтай Әбдірахманов «Комсомол» кеңшарына директор болып тағайындалады. Әлібек Сыздықов Алматы жоғары партия мектебін бітіріп, Ақтоғай аудандық партия комитетінің хатшысына дейін жоғарылады. Еселі еңбегі бағаланып, шаруашылықтың экономикасын дамытуда сіңірген қызметі үшін Сағындық Байғожаұлы 1966 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Осы қызметте жүріп 1972 жылы, 47 жасында, нағыз кемелденген шағында өмірден озды. Өзінің қызығы мен қиыншылығы мол қысқа өмірін елінің көркеюіне арнаған Сәкең жөнінде: «Сағындық Байғожаұлы - адал еңбегімен ел ішінде зор абыройға ие болған, өз ісінің шебері, жаңсақтық пен жасандылықты жаны қаламайтын, өзіндік өмірлік ұстанымы бар, үлкенді сыйлап, кішіге қамқоршы аға бола білген, адамгершілігі мол, елін сүйген азамат еді» деп еске алады кезінде «Новотроицк» кеңшарында қызмет-тес болып, кейіннен көп жылдар Ақтоғай ауданында жауапты қызметтер атқарған Сейфолла Жанарбаев мырза.

«Мен де қызмет бабында іссапармен «Өлеңті» кеңшарында талай рет болып, Сәкеңмен талай сұхбаттасып, таныс болдым. Сағындық Байғожаұлын ауыл шаруашылығының қыр-сырын жетік меңгерген, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, адами қасиеті мол азамат ретінде білетінмін. Сәкеңнің жұбайы - Өрімжан (Өркен), балалары - Бақытжамал, Бекболат, Қабылбай, Найманбай, Қасен, Мансура, Алмагүл, Нұргүлдерін оқытып, үйлендіріп, немере-шөбере қызықтап, 75 жылдық мерейтойын тойлаған бақытты ана. Қабылбай көп жылдар Ақтоғай ауданының Коминтерн, Шұға, Новотроицк мектептерінде директор қызметін атқарып, қазір Павлодар Инновациялық Еуразия университеті колледжінің оқу ісі меңгерушісі, ұлағатты ұстаз, ал Алмагүлі дәрігер болса, Мансура мен Нұргүлі -ұстаз, мектеп директоры. Бәрі де жоғары білімді маман, егемен еліне еңбек етіп, әке өмірін әрі жалғастырып жатқан азаматтар. «Ата жолы - балаға үлгі» деген осы болса керек, - дейді жоғарыдағы жолдар авторы.

Ақтоғай ауданының шаруашылықтарында, ауданның ауыл шаруашылығы басқармасында бас зоотехник қызметін атқарған, ауданның экономикасын көтеруге көп еңбек сіңірген, ауданның құрметті азаматы Болат Уалитовтың Сағындық Байғожаұлы жөніндегі естелігі:

- 1972 жылы Алматы қаласына оқуға барған едім. Сағындық аға сырқаттанып онкология институтында емделіп жатқанын естіп, іздеп, емханаға барған едім. Қалай десе де бір ауданның азаматтарымыз ғой. Әдейілеп іздеп, көңілін сұрай келгеніме қатты қуанды. Ел-жұрттың амандығын сұрап, көңілі көтеріліп қалды. Біраз әңгімелескеннен кейін: «Болат бауырым, сен білерлігің бар азаматтың бірісің», - деп қолындағы алтын сағатын шешіп, маған берді. «Менен саған ескерткіш болсын», -деп, «Алмаймын» дегеніме қаратпады.

Екібастұз ауданы «Өлеңті» кеңшарында машина жүргізушіден кеңшардың бас инженері дәрежесіне дейін көтерілген, еліне еңбегі сіңген Тай ауылының аяулы азаматы, марқұм Қуан Қайырұлының кезінде әкем жөнінде маған айтқан естелігі:

«Әскерден келген бетім, үйде жатқан кезім, «Сені Байғожин конторға шақырады» деген соң киініп, кабинетіне кіріп, сәлем бердім. «Сен немене, соғыстан келгендей үйде жатырсың, кім болып істегің келеді?» - деді. «Шопыр болғым келеді», -деп едім, қолыма бір қағазды ұстатты да, «машдворға ба-рып, машина ал», - деді. Носов деген машдвордың меңгерушісі қағазды алды да, «Раз Сәкең сказал, сде-лаем», - деп қатарда тұрған су жаңа водовоздың кілтін берді. Мен жаңа водовозды алмай кетіп, қайта Сағындық ағаға барып: «Мен самосвалда істегім келеді», - деп едім, тағы қағаз жазып берді. Оны тағы Носовқа әкелдім. Сөйтіп, таңдап самосвалға міндім. Мұны айтып отырғаным, Сағындық аға қашан да кімге болсын жанашырлықпен қарап, қолынан келген көмегін аямайтын абзал, қамқоршы азамат ағамыз еді.

Автор Байғожин Қ.
Издание Отарқа
Стр. 9
Файл Загрузить

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.