• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Агроөнеркәсiптiк кешен

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

21.01.2021

Жаңа клуб жобасы жасалуда


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Байет ауылдық округінің аумағы - 160,92 мың шаршы шақырым. Негізгі экономикалық тірегі - мал шаруашылығы. Мұны ауылдағы мал басының жыл өткен сайын артып келе жатқанынан аңғаруға болады. Былтырдан бері, әсіресе, ұсақ мал көбейе түскен. Жыл басынан бері 872 қара мал, 1500 ұсақ мал сырғаланып, базаға енгізіліпті. 120 жылқыға чип қойылған.

Округтегі мал жағдайына қарайтын 1 ветеринарлық дәрігер бар. Былтыр ол қарасан ауруына қарсы 1700, сібір жарасы мен тері ауруларына қарсы 2810 бас малға екпе жасаған. Профилактикалық шаралардың арқасында сарып ауруына шалдыққан мал саны екі есеге төмендеген.

Ауылдық округ әкімі Амантай Докторханның айтуынша, шаруалар ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген несиелерді игілігіне пайдалануда.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы бизнес оқуын тәмамдап, 9 адам 200 АЕК көлемінде грант алған. «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіптік курс бітіргендер бар. Осының бәрі жұмыссыздықты азайту мақсатында атқарылып отыр.

Жалпы, Байет ауылдық округінде 21 ШҚ, 34 ЖК мал шаруашылығымен айналысса, Бәйет ауылында кәсіпкер Сұңғат Сейтқұлов, Атығай ауылында кәсіпкер Қанат Оразалин «Газель» автомашинасымен жолаушылар та-сымалдайды. «Виктория» ШҚ бау-бақша өсірумен айналысады. 110 тонна бау-бақша өнімдері (картоп, сәбіз, қияр, қызанақ, қырыққабат, тәтті бұрыш, қызылша) өндіріліп, ауыл жәрмеңкесіне сатылымға шығарылған.

Білім мекемелерінің жаңалығы жоқ емес. Атығай, Байет мектептерінің әрқайсысына 15 компьютер мен 37 ноутбук алынған.

Байет, Атығай ауылдарында тұрғын үй салуға ниет білдірушілер саны артқан. Байетте 10, Атығайда 2 адамға жер учаскесі берілген. Сөйтіп, 82,5 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген.

Тағы бір жаңалық - Байет ауы-лында ауылдық клуб салынады. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешімін таппаған. Ағымдағы жылы ғимарат құрылысының жобалық-сметалық құжатын әзірлеу жұмыстары басталды.

Қала әкімінің есебінен соң бірқатар тұрғындар сұрақтарын қойды.

«Көшедегі 41 шамның 17-сі жанбайды. Бюджеттен қаржы қарастырыла ма?» деген сұрақ билік назарына алынды.

Байет ауылы тұрғыны Дәулетбек Қуанбай су құбырын жүргізу үшін қазылған жерлер күз-көктем ай-ларында батпаққа айналатынына шағымданды. Қала әкімі Ардақ Қаңтарбаев сметалық құжаттың жасалғанын, көктемде жұмыс басталатынын айтты.

Айболды Сұлтан есімді шаруа мал суаруға құдық қарастыруды сұрады. Бұл мәселені ауыл әкімі Амантай Докторхан қолға алатын болды.

Тұрғындар ауыл жолдарын қардан тазалау мәселесін де көтерді. Биыл округтегі кіре беріс жолдарды қардан тазалау үшін «Акишев» ЖК-мен шарт жасалған. Ауыл әкімі кәсіпкердің жұмысын 100% орындағанын жеткізді.

Автор Қуат К.
Издание Отарқа
Стр. 3

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.