Кітаптар каталогы
Басылымда Батыс Қазақстан облысы территориясында сақталып, мемлекеттің қорғауына алынған және осы кітапты басып шығару барысында жаңадан анықталған археологиялық, тарихи, қала құрылысы, архитектуралық және монументальді өнер ескерткіштерінің ғылыми-анықтамалық мақалалары энциклопедиялық бағытта баяндалады.
Бүл жинақта облыстың физикалық-географиялық ерекшеліктері, өлкенің палеолит кезеңінен біздің кезеңге дейінгі тарихы таныстырлады. Кітапта облыста жүргізілген көп жылғы зерттеулер нәтижесінде жинақталған археологиялың ескерткіштер, архитектура ескерткіштерінің нақты зерттеулері, тарих жөне монументальді өнер туралы кең көлемдегі мәліметтер берілген.
Ескерткіштердің жазбаша анықтамасымен бірге, олардың фотосуреттері және сызба-жобалар беріледі, олардың көбі алғашқы рет жариялануда. Басылым түрлі көрсеткіштер мен библиографиялық дерек көздермен жабдықталған.
Кітап археология, тарих, этнография, өлкетану, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалану салалары мамандарына, ауылдық, қалалық, аудандық, облыстық әкімшілік қызметкерлеріне, сондай-ақ Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына қызығушылықпен қарайтын әр саладағы оқырмандарға арналған.
Год выпуска |
2011 |
ISBN |
9965-26-383-3 |
Число страниц |
512 |
Язык издания |
каз |
Издательство |
Алматы: "Аруна" |
Назад в раздел