Балалар оқу орталығының қызметкерлері Халықаралық балалар кітабы күні мен Балалар кітабы апталығының жабылуына орай көрнекті ақын, балалар жазушысы Қастек Баянбайдың туғанына 90 жыл толуына арналған квиз-book шарасын өткізді.
С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінде №4 кітапхана қызметкерлері қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейсованың туғанына 165 жыл толуына орай арт-сағат өткізді.
№6 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері тарихшы, өлкетанушы, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Б.М. Хазыровтың туғанына 100 жыл толуына орай әдеби викторина өткізді.
«Туған өлкенің мұрасы» жобасы аясында орталық қалалық кітапхана төрінде «Отарқа» газетінің тілшісі, ақын, Журналистер Одағының мүшесі Гүлсана Медеубаймен кездесу болып өтті.
«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Байет ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы талқыланды.