• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Кітапхана жүйесі
  •  → 
  • Мақалалар

Мақалалар

Кітапхана қызметі жаңа форматта

06.02.2020 12:29

Кітапхана қызметі жаңа форматта


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

260 мың кітап қоры бар Екібастұз орталық кітапханалар жүйесі жыл сайын 60 мың адамға қызмет көрсетеді. Кітапханаға келуші кітап оқумен қатар тегін wi-fi қызметін, коворкинг орталықтардағы жайлылықты пайдалана алады. Кейінгі жылдары кітапхана жаңа форматта жұмыс істей бастады. Мұнда шығармашылық шаралар жиі өтеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері баяндады. 

Қалалық орталық кітапхана жаңа жылға түрлі жобалар жоспарлапты. Солардың қатарында «Отба-сылық дәмхана», «Библиотерапия», «Білімпаз», «Шебер» жобаларын атауға болады. Қызметкерлер бұған дейінгі жобаларға да өзгерістер енгізіп, оқырманға қызықты етіп ұсынуда. 

Орталық кітапханаға қарасты 13 ауыл кітапханасында жұмыс белсендіріліп, қоғаммен жұмыс бағытына баса назар аударуда. Шиқылдақ ауылы кітапханашысы «Алпамыс» қуыршақ театрын, Майқайың кітапханашысы «Шебер» клубын ұйымдастырған. Балалар кітапханасы ұйымдастырған «Сөйлейтін кітаптар» жобасы бұған дейін балабақшаларда өткізіледі екен. Кітапхана қызметкері қызықты ертегілер мен әңгімелерді балақайларға дауыстап оқып береді. Бұдан былай осы шарамен үйден оқитын оқушылар да қамтылмақ. 

Қала тұрғындарының көңілінен шыққан «Кітапхана түні» биыл одан да ауқымды етіп өткізілмек. Былтыр тұсауы кесілген «Библиомост» кезекті авторлар мен оқырмандарын күтеді. «Библиокинотеатрда» ересектер Абай, Шоқан туралы жаңа деректермен танысып, классикалық киноларды қайталап көруден жалықпайды. Ал кішкентайлар ескі мультфильмдерді тамашалайды. Зағип жандарға арналған «Азбука» клу-бында арнайы маман Брайл техникасы бойынша оқуды үйретеді. «Шарайна» клубында шығармашыл жастар өлең, әңгіме оқиды. Мұнда компьютерлік сауаттылық класы да бар. Компьютер қолдануды үйренгісі келген кез-келген азамат (үй шаруасындағылар, зейнеткерлер, т.б.) келуіне болады. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған «Оқимыз. Ұмытпаймыз. Мақтанамыз» атты желілік акциясы туралы хабарланды. Акцияға жас ерекшелігіне қарамастан кез-келген тұрғын қатыса алады. 

2017 жылы елімізде кітапханалардағы мерзімдік басылымдар мен кітаптар сандық жүйеге көшірілді. Қалалық кітапхана бұл жұмысқа 2007 жылы кіріскен екен. Дәлірек айтсақ, сол кезде мерзімдік басылымдардағы түрлі мақалалар көшіріле бастаған. 

- 2009 жылы кітаптарды цифрлауды бастадық. Бүгінде кітапхананың веб-ресурсынан 900 кітап, 9 мыңнан аса мақала таба аласыз. Жалпы орталық кітапхананың 3 веб-ресурсы бар. Біздің сайтымыздан өлкетануға қатысты көп дүниемен танысасыз, -дейді автоматтандыру және цифрландыру бөлімінің меңгерушісі Евгения Щебетун. 

Кітапхана сайтынан өңірдегі археологиялық ескерткіштер, қасиетті орындар, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, өлкетанушы С.Жақсыбаевтың еңбектерін таба аласыз. Сондай-ақ, торқалы 90 жылдығын өткізген Төртүй ауылы жөнінде де оқуыңызға болады. Осындай жаңалықтармен таныстырған меңгеруші кітап оқымау - сауатсыздық белгісі екенін айтып қынжылды:

- Бірде бір оқырман Әлия Молдағұлова туралы мәлімет іздеп келді. Сөз арасында «ол жазушы ма?» деп сұрады. Ұлы Отан соғысында асқан ерлік көрсеткен Шығыс жауһарын қалайша танымайды? «Көшені М.Мәметованың, Б.Момышұлының атына неге өзгертеді?» дейтіндер өз тарихын білмегеннен, кітап оқымағаннан шығады.

- Кітап оқылу керек, - дейді оны қостаған А.Жанахметова. - Дегенмен жақсы кітаптың бағасы арзан болмайды. Классик жазушылардың кітаптары кемі 3-5 мың теңге шамасында тұрады. Осындайда көңіліңіз қалаған жазушылардың шығармаларын кітапханадан табасыз. Соңғы жылдары қазақ тілінде жаздырып алатын мерзімдік басылымдар мен әдеби кітаптар саны артып келеді , - деген орталық кітапхана директоры Анар Жанахметова жоғары сұранысқа ие авторларды атап өтті. 

Директордың айтуынша, бүгінде оқырмандар М.Әуезов («Абай жолы»), І.Есенберлин («Көшпенділер», «Алтын Орда»), Қ.Жұмаділов («Дарабоз» «Соңғы көш»), Б.Момышұлы («Ұшқан ұя»), т.б. жиі оқиды. Қазіргі жазушылардан Т.Әбдірайым, Е.Кәпқызы, Б.Мерекенова, Е.Тоқтардың кітабын, сондай-ақ, шетелдегі қазақтардың шығармашылығымен танысқысы келеді екен. Шетел жазушыларынан О.Кемаль, О.Памук, Ш.Айтматов, А.Бек шығармаларын сұрайды. 

Сөз соңында кітапхананы дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің маманы Гаухар Төрегелдинова орталық кітапханаға жыл басынан бергі бір айдың ішінде 1600 оқырман тіркелгенін айтты.

Авторлары Қуат К.
Кітапхана Орталық қалалық кітапханасы
Количество показов 108

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.