Павлодар облысында, оның ішінде Екібастұз өңірінде бүгінгі күні «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалары қай деңгейде жүзеге асырылуда? Бұл туралы қала әкімдігінде жиын өтіп, оған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын дамыту жөніндегі Павлодар облыстық кеңсесінің басшысы Нүрия Көбенова қатысты.
- Қазіргі таңда облыста аталмыш ірі бағдарламаны жүзеге асыруда 13 бағытта арнайы жоба жұмыс істеуде. 9 айлық есептік көрсеткішке сүйенсек, облыста 300-ден астам шара өткізіліп, 250 жоба іске асқан. Осы есептік көрсеткіш ішінде Екібастұз өңірінен 79 баспасөз-релизі келіп түсті. Оның талапқа сай сауатты жазылған 15-і республикаға жіберіліп, мақұланды. Айта кетерлігі, Екібастұз аймағы өзге аймақтарға қарағанда бағдарламаны жүзеге асырудан алдыңғы қатарда, - дей келе, Н.Көбенова қаламызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының дамуына жауапты тұлға - Сабира Абрашимованы арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
«100 жаңа есім» жобасына биылғы жылы өзгешеліктер енгізіліпті. Мәселен, ұсынылған талапкердің жасы 18-39 жас аралығын құрауы тиіс. Сондай-ақ, 39 жастан асқан іскер, білімді азаматтар да назардан тысқалмайды. Олар «Бірегей жандар» жобасына қатыса алады.