№28 Абай атындағы орта мектептің жазғы демалыс лагерінің тәрбиешісі А.Кисамеденова оқушыларды №6 коворкинг орталығына, №4 балалар кітапханасына саяхатқа апарды.
Кітапханашылар Ж . Бектасова мен Г. Букеева оқушыларды жылы ілтипатпен қарсы алып, кітап әлемімен таныстырды.
Балалар «Даналық әліппесі» атты инновациялық сөйлейтін қалам мен түрлі-түсті кітаптарды тамашалап, түрлі ойындар ойнады. Оқушылар жаңа ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, көңілді әсермен ризашылықтарын білдірді. Саяхаттың соңында балалар жағажайда серуендеді.