• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Кітапхана жүйесі
  •  → 
  • Мақалалар

Мақалалар

13.06.2019 15:14

Мұрат Әуезов. Ділім


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

2018 жылы «Жібек жолы» баспасынан қоғам және мемлекет қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуездің «Ділім» атты кітабы жарыққа шықты. 

«Діл» - иран тілінен шыққан сөз, «адамның жан дүниесі мен болмысы» дегенді білдіреді. Яғни, діл дегеніміз анау шетшегі жоқ ғарыш, жер-су,  адам, махаббат, жарық пен  қараңғы, осынау жалпақ  әлем, жанды-жансыз жаратылыс, өзіңе Алла өлшеп  берген кесімді ғұмыр туралы адамның көзқарасы, ойы, пиғылы, ниетінің жиынтығы деуге болады. 

Кітаптағы жүйеленіп топтастырылған мақалалар мен сұхбаттарында автор еліміздегі қоғамдық, саяси және әлеуметтік мәселелер, мәдени және әдеби үдерістер, қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайларға ой-пікірін білдіреді. Олардың негізгі мазмұнын автордың: «Тілден де, Діннен де айрылып қала жаздап, қайта оралған кездеріміз болды, әлі де кездеседі. Ал Ділден ше?! Одан айрылу мүлдем мүмкін емес, тек сол Діл саулығы, Діл тазалығы, Діл беріктігі арқылы ғана жеке тұлға, дербес ұлт, тәуелсіз мемлекет ретінде сақталып қалдық», - деген тұжырымынан айқын аңғаруға болады. 

Кітаптың «Айналайын, ақ бұлақ» атты бірінші бөлімінде автор әкесі Мұхтар Әуезов пен анасы Фатиманың өмірі, олардан алған тәлім-тағылымы, бір шаңырақтың ас-тында тәрбиеленген бауырлары, өз ұрпақтары жайында әңгімелейді. «Әлем кіндігі» бөлімінде қазақ зиялыларының тоталитарлық мемлекеттегі тағдыры, «пайғамбарлар дәуірі» және біздің дініміздегі кейбір ерекшеліктер, тәңіршілдік қағидасы, қазақтың мәдени өміріндегі қожалар миссиясы туралы ой толғайды. «Жол көрмек», «Садақтың ұшқан оғындай...», «Жеті қырдан астың ба?», «Жоғарыдан ағатын өзендерді біл!», «Еңку-еңку жер шалмай» бөлімдерінде халқымыздың мәдениеті мен өнері, тілі, тәуелсіздік, ұлттық рух пен ұлттық мүдде мәселелері, еларалық саясаттағы ұстаным, шығыс тарихы, араб-түркі және қытай-қазақ қарым-қатынастары, бұл орайда шешімін табуы тиіс проблемалар жан-жақты әрі өткір қозғалады. «Жайсаң да жүр жаныңда» бөлімінде өзі пікірлес, мұраттас болған қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілдері туралы сыр шертеді. Жинақ автордың «Тамшы, бұлақ!» деген жүрекжарды эссесімен қорытындыланады. Дана Конфуцийдің білімге апарар үш жол ретінде ойланыстарды, толғаныстарды, тәжірибені атағанын еске алып, өзінің өмір бойы осы үлкен жолдың үш тармағымен де жүріп келе жатқанын, бұл жолына Әділ және Діл ұстанымдарын бағдаршам еткенін айтады. Кітап ойлы, қоғамдық-саяси және мәдени-эстетикалық терең тұжырымдарға, пікір-пайымдарға бай, өте мазмұнды шыққан.

Бұл кітаптың қалың оқырман қауымға, сонымен қатар ел тізгінін ұстап отырған азаматтарға аса пайдалы болары сөзсіз.

Дерекнама Отарқа
Кітапхана Орталық қалалық кітапханасы
Количество показов 415

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.