Орталық қалалық кітапхана Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерімен бірлесіп «Соғыс туралы не білесің?» атты промо-акция шеңберінде «Ұлы Отан соғысы: 1941-1945» тақырыбында қалалық эссе жазу байқауын жариялаған болатын. Байқау бірнеше тақырыпты қамтыды: «Соғыс - балалар көзімен», «Менің отбасымның тарихындағы Ұлы Отан соғысы», «Сендер маған өмір сүруге мүмкіндік бердіңдер»; «Соғыс батырларын неге есте сақтау керек?», «Сап түзеген «Мәңгілік полк».
Байқау 7-10, 11-15, 16-25 жас аралығын қамтып, шығармалар қазақ және орыс тілдерінде қабылданды. Байқауға өңіріміздегі мектептерден 50-ден астам жұмыс түссе, марапаттау салтанатына 70-ке тарта адам қатысты.
Сонымен, байқаудың І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары мен «Мәңгілік полк» белгісіне кімдер ие болды?
I орын - Дарья Идиятова, №35 гимназия-мектебі, Максим Казанцев, №6 лицей-мектебі, Махаббат Бақжікова, №7 гим-назия-мектебі;
II орын - Бекнұр Тоқбергенов, №16 орта мектеп (Солнечный кенті), Лейла Тохтарова, №24 орта гимназия-мектебі, Дария Шарипова, №24 гимназия-мектебі, Милена Шаламова, №17 ЖОББМ;
III орын - Бақыт Ерасыл, №7 гимназия-мектебі, Теміржан Жұпар, №18 ЖОББМ, Алина Оразбекова, «Зерде» мектебі, Софья Евстифеева, №35 гимназия-мектебі, Светлана Ахметханова, №9 ЖОББМ, Амира Омарова, №17 ЖОББМ, Хакім Әділжан №17 гимназия (Нұр-Сұлтан қаласы), Юстина Сергазина, №7 гимназия-мектебі.
Барлық мектептерге белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат жіберілді. Сондай-ақ, берілген тақырыпқа арнап өлең жазған №7 гимназия-мектебінің оқушысы Рамиль Сабаров Алғыс хатпен марапатталды.