29 сәуір - Халықаралық би күні. Бұл атаулы күнді 1982 жылы ЮНЕСКО бекітті. Халықаралық би күнін неге дәл осы күнге қойды? 29 сәуірде француз балетмейстері Жан-Жорж Новер дүниеге келген. І727-1810 жылдары өмір сүрген Жан Жорж Новерді жаһан жұрты «Балет өнерінің атасы» деп таниды.
«Артық білім - кітапта» дейді Абай хакім. Жақсы кітаптың жан азығы екені де анық. Журналист, қаламгер Сая Молдайыптың былтыр күзде баспадан жарық көрген «Биіктік» кітабы жаныңа азық сыйлайтын кітаптар қатарынан екендігіне оқыған адамның көзі жетеді.
Балалардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында Әлкей Марғұлан ауылдық клубы мен ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен аталмыш бастауыш сыныптардың оқушыларына арналған «Бақытты балалық шақ» ойын-сауық бағдарламасы өтті.
3 наурыз күні орталық қалалық кітапхана қабырғасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінің редакторы, тіл жанашыры Жанаргүл Әбдікәрімқызы Қадырованың «Ер әкеме ескерткіш» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Шараға ақынның жерлестері - Баянауыл ауданы Жұмат Шанин ауылының (бұрынеы «Южный» кеңшары) тұреындары, қаламгердің өлеңдерінің кейіпкерлері мен олардың ұрпақтары қатысты.
Балалар жылы аясында Екібастұз қалалық орталықтандырылған кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист, қоғам белсендісі, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Жұмағали Қоғабаевтың балаларға арналған «Ғаламтордың әлегі» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Адам үшін қашанда кітаптың орны бөлек. Бала кезімізде оқыған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері», Николай Носовтың «Дымбілмес пен достарының хикаялары», Жюль Верннің «Он бес жасар капитан» кітаптарының құндылығын жоғалтпай, әлі де оқырманның қолында жүруі кітаптын құдіреті емес пе?
Ақыл-ойдың асыл қазынасы саналатын кітаппен өміріміз тоғысып, ғұмырымыз сабақтасып жатыр. Қаламызда кітапқұмарлар бас қосатын, жас оқырмандарды қуана қарсы алатын рухани байлық ордасы - қалалық орталықтандырылған кітапхана. Биыл кітапхананың құрылғанына 45 жыл толды.
Осыдан 45 жыл бұрын, яғни, 1976 жылы 1 желтоқсанда қалалық орталық кітапхананың лентасы қиылып, оқырмандарға есігін айқара ашқан болатын. Содан бергі тарихтан сыр шертетін бейнеролик қалалық «Өнер» мәдениет сарайында орталық кітапхананың 45 жылдық мерейтойына орай еткен салтанатты шарада көрерменге ұсынылды.
Өскелең жас ұрпаққа Қасым жайлы ақпарат беру мақсатында, ақынның 110 жылдығына орай қалалық орталықтандырылған кітапханада өмір жолы мен шығармашылығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды.
Аймағымызға белгілі журналист, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы П. Оноприенконың (1936-2010) туғанына 85 жыл толуына орай Екібастұз тарихи-өлкетану мұражайында «Екібастұз шежірешісі» атты еске алу кеші өтті.
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылды - «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялаған болатын.
Екiбастұз қаласының Орталықтандырылған Кiтапханалық жүйесiнiң кiтапханаларының жұмыс шағылатын орыс және қазақ тiлдерiндегi аймақтық БАҚтардағы бап және жариялауы осы бөлiмде елестеткен.